Қазақстандық студенттер өз достарымен бірге Тангелвуд паркінде пикник жасады. Сынақтардың басталған уақытында дем алып, жаңа жігермен емтихандарды өте жақсы өтетіне сенген олар воллейбол және футболдың көкесін танытты. Ыстық кәуаптің иісін алғаннан кейін қарындарының қатты ашқанын сезінді...
College Stationде өткен Наурыз мейрамы пикнигінде 100ге жуық өзге ұлттардан адам жиналды. Қазақ салтымен тігілген киіз үй әр қазаққа өзін қазақ сезінуге және ұзақтағы аулын аңсатты. Басқа ұлт өкілдеріне де қызық болып келген киіз үйдің қасында суретке де түсті. Киіз үйді өмірінде бірінші рет АҚШ-та құрған кейбір Қазақстандық студенттерге оңайға соқпады. Әзілдескен олар, "ауылда 4 жігіттің тігетін киіз үйді АҚШ-та 15 инжинер тікті" деді.
Түркі және парсы халықтарының ортақ жаңа жыл мерекесі, халықтардың арасындағы қарым-қатынас пен достықты нығайтуға және өз салт-дәстүрін танытуға үлкен мүмкіншілік. "Шанырақ" пен басқа да Түркі қорлармен бірлесе College Station/Bryanда Tiffany паркінде Сенбі күні Наурыздың 21інде пикник ұйымдастырмақ. Парктің адресі: Vila West Park, 2050 W. Villa Maria Road, Bryan, Texas 77803